Журналистің үстінен арызданған "ҚазАвтоЖол" басшысының жұмыстан кеткені айтылды

1696
Adyrna.kz Telegram

Алматы-Қорғас тасжолындағы пенопласты алып, олқылықты көрсеткен журналист Диас Нұрақынның үстінен арыз түсіріп, Мехметтерін айдақтаған "ҚазАвтоЖол" АҚ басшысы  Мейірхат Қасымбаев жұмыстан босатылған. Бұл туралы Диас Нұрақын Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистің айтуынша, бетон жолдың жігіне салынған пенопласттың бір ұшы жұмыстан босатылған басшыға таяқ болып  тиген секілді.

Қоғамдық резонанас тудырған сол видео Президент әкімшілігіне дейін жетіпті деген әңгіме естігем. Не де болса жол саласында жұмыс істейтіндер бүгінгі жаңалыққа  қуанып отыр. Біраз былықты аштың, ары қарай да тоқтама деп табаныма шоқ тастап қойды. Жол саласындағы біраз заңсыздықтарды зерттеп жатырмын. Кеншілерді арулап көміп, Митталдың мәселесін май шаммен қарап алайық. Жолдың жалғасын жазамын, көрсетемін, айтамын. Әзірге жартылай жеңіс біз жақта, деп жазды Диас Нұрақын.

Пікірлер