«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

1611
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

"Қазақмыс" компаниясының 39 жастағы қызметкері шахтада қаза тапты. Жазатайым оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр, - делінген хабарламада.

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Бұған дейін "Қазақмыс" кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында "Қазақмыс" тобының "Жыланды" кенішінде болды.

Пікірлер