13 адам қаза тапқан. Алматыда хостелден өрт шықты

2147
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда таңертең жатақхана ретінде жабдықталған жертөледен өрт шығып, 13 адам көз жұмды, екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) хабарлауныша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде болған.

Өрт туралы хабарлама келіп түсе салысымен, №1 өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Келген бойда 1-қабаты және жертөлесі жатаханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтады Алдын-ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады,- делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт кезінде Шәріпов көшесіндегі хостелде 72 адам болған. Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылған.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Пікірлер