Саудагерлер митингісі. Дауды шешуге президент барды

1214
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда саудагерлер сауда патенттерінің жойылуына және бақылау-кассалық аппараттардың енгізілуіне наразылық білдіруде, Халықтың үндеуін тікелей тыңдауға қырғыз президенті барды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

29 қарашадан бері Қырғызстанда митингілер өтіп жатыр. Кеше 5 желтоқсан күні, тағы да Ош базары мен Максим Горький ескерткіші жанындағы саябақта наразылық шаралары өтті.

Бұған дейін Қара-Балтадағы базарлар мен дүкендердің сатушылары да наразылық білдірген болатын. «Дордой», «Орто-Сай» базары, «Мадина», «Аламүдін» базары, «Таатан», «Әзиза», «Шынара» саудагерлері де Ош облысындағы «Қара-су» базарында митинг өткізді.

Митингтер Ош, Талас және Қаракөлде де өтті.

Барлық кәсіпкерлердің бір талабы бар - билік оларға патент бойынша жұмыс істеуге рұқсат берсе және төлемдер үшін бақылау-кассалық аппраттарды пайдалану міндеттемесін алып тастау.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Дордой» базарына барып, саудагерлермен кездесті.

Наразылық білдірушілердің бірі билікті базар ережелеріне қатысты шешімді қайта қарауға шақырды. Оның айтуынша, олардың «өздері айтқандай миллиондаған табысы жоқ».

Тағы бір саудагер мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, тым болмаса бақылау-кассалық аппараттарды пайдалануды кешіктіріп, патентпен қалдыруды сұрады.

Жиналғандар "Патент! Патент! Патент!" деп ұрандады.

Пікірлер