Қазақстанда кедейлер саны артып, көпжылдық рекордты жаңартты

1231
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың үшінші тоқсанында жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан халқының 5,6%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін көрсетті. Бұл ақпартты Ұлттық статистикалық бюро жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 710 теңгені құрады.

Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында – 9,6%, ал ең төмені Қарағанды облысы мен Астана қаласында – 2,7% тіркелді.

Бес және одан да көп адамы бар отбасылардағы кедейшілік деңгейі 10% құрады, бұл кедейшіліктің орташа деңгейінің екі есесі.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз Қазақстан тұрғындарының саны екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бірінші несие бюросы бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

Пікірлер