Республикалық корей театры тәуелсіздік мерекесіне орай «Қобыланды» қойылымын сахналады

1143
Adyrna.kz Telegram

Республикалық мемлекеттік корей академиялық театры тәуелсіздік мерекесіне орай «Қобыланды» қойылымын сахналады. Халық эпосы «Қобыланды» тарихи жыр. Бұл қойылымда қазақ халқының тарихы, дала философиясы, ерлік жыры сипатталды.

Қара Қыпшақ Қобыланды батыр мифтік бейне емес, ол қазақ хандығының қалыптасуына да ықпал еткен тарихи тұлға. Корей театры тәуелсіздік қарсаңында осы «Қобыланды» эпосын сахналап, көрермендерге ұсынды.

    Бүгінде корей театры айтулы өнер шаңырағы және Қазақстан корейлерінің мәдени орталығы болып табылады. Бұл мәдениет пен өнерді, оның сан қырлы ерекшелігін сақтап, өркендетіп отырған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі. Жыл өткен сайын біздің еліміз бен Корея Республикасы арасындағы мәдени байланыс та жоғары деңгейде дамуда. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген жетістіктер - Қазақстандық корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин

   Пластикалық драма бағытында сахналанған «Қобыланды» спектаклі көркем бимен әсем әндермен өрнектеліп, көрермендерге ерекше әсер берді. Жалпы қазақ ұлтының болмысына, оның тарихы мен құндылықтарына қатысты шығармаларды жиі насихаттап отыру театрдың басты мақсаттарының бірі.  

 

 

 

Пікірлер