"Ақиқат пен аңызға" арқау болған батыр

1975
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін - қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Даңқты қолбасшы 113 жыл бұрын қазіргі Жамбыл облысында туған.

Батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен өсиет сөздері ұмыт болмастан, әлі күнге дейін өскелең ұрпаққа айтылып келеді.

Бауыржан Момышұлы өзінің жылдамдығы мен алғырлығының арқасында "Шаңтимес" деген лақап атқа ие болған.

Халық жанашыры, Кеңес одағының батыры, қолбасшы, көрнекті жазушы бола білген Бауыржан Момышұлы әскерде талай адамды өз өнерімен тәнті еткен. Ат құлағында ойнап, қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың да көзіне түскен. Батырдың бейнесі мен болмысы  Әзілхан Нұршайықовтың 1976 жылы жазылған туындысы "Ақиқат пен аңызда" бейнеленген.

Момышұлы Ұлы Отан соғысына генерал-майор Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдан бастап болған. Ол Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.

Талай адамның өмірін қиған соғыста дивизия басқарған екі қазақтың бірі – Бауыржан Момышұлы. Ал екінші қолбасшы – Әбілқайыр Баймолдин.

Сондай-ақ, соғыстан кейінгі жылдары Момышұлы толығымен шығармашылыққа бет бұрған. Ол өз өміріндегі көрген білгендеріне сүйене кітап жазып, «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындылары жарық көрген. Қолбасшы еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарған.

Пікірлер