Мереке құны - 45 млн теңге. Көкшетауда мұз қалашығы салынады

1632
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Көкшетауда жаңа жыл мерекесін тойлау үшін 45 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіру үшін  45 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

«Көкше тазалық» ЖШС мердігер ұйымының шартына сәйкес облыс орталығындағы Абылай хан алаңында мұз қалашығы салынбақ. Оның биіктігі – 22 метр. Жаңа жылдың басты шыршасы орнатылып, түрлі түсті жарықдиотты шамдармен және әшекей бұйымдармен безендіріледі. Қазіргі кезде шырша құрастырылып жатыр.

Абылай хан алаңында, «Достар» мәдениет үйі мен «Болашақ сарайына» алдында бір үлкен, бір кішірек сырғанайтын мұз төбешік орнатылады. Сондай-ақ, облыстық филармонияның жанында, Застанционный, Васильковский, Сарыарқа, Центральный, Құлагер, Бейбітшілік, Жайлау шағынаудандарында, Абылай хан даңғылы мен Шұғыла көшесінде бір шыршадан орнатылмақ.

«Мұз қалашығын пайдалану кезінде оны күтіп ұстау, кейін болған соң бөлшектеп жинастыру көзделген. Мерекелік іс - шараларға арналған шығыстарды қысқарту мақсатында бұрын белгіленген және жарамды күйде тұрған безендіру элементтерін қайта сатып алу жүргізілмейді», - деп қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Пікірлер