Алматыда жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті

2422
Adyrna.kz Telegram
qazaqstan.tv
qazaqstan.tv

Алматы денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шеккен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Тұрғын үйлердің 2 және 3 қабаттарынан секіру салдарынан үш адам зардап шекті. Тексеруден кейін екі зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды. Бес адам үйден қашып бара жатып жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді”, - деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда магнитудасы MPV 6,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері бірнеше минутқа созылып, қала тұрғындары үйлерін асығыс тастап шықты.

Айта кетейік, жер сілкінісі Жетісу өңірінде де сезілген. Кейін Төтенше жағдайлар қызметі бұдан басқа жер асты дүмпулері болжанбағанын айтты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер