Меценаттардан тарихи нысандарға қамқорлық

4219
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан - туристік, мәдени, ерекше нысандардың қатарында.

Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 м болып, жер сілкінісінің нәтижесінде қазір 5,7 метрге жеткен.

Кейінгі кезде мұнараның, өзге де ескерткіштердің сыртқы келбеті тозып, күтіп-баптауды, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыған орай қаланың туризм орталығы меценаттардың көмегімен жаңа жобаны қолға алды.

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Жобаға алғаш болып қаламыздың тұрғыны, меценат Мырзатаев Бауыржан мырза демеушілік көрсетіп, тарихи мұнараның аумағын абаттандыруға қолғабыс жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аяқталған соң, тағы бөлісе жатармыз. Қалаға деген қамқорлықпен осылай өзімізге және туристерімізге жайлы қала жасайтынымыз анық» делінген жазбада.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер