“OASIS” кафесінің әкімшісі Аружан Дүйсебаевадан кешірім сұрады

4930
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыдағы “OASIS” кафесінің әкімшісі Гаухар Аружан Дүйсебаевадан қазақ тіліндегі ас мәзірінің жоқ болғанына қатысты келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“OASIS” кафесінің Instagram парақшасына жарияланған видеода кафе әкімшісі тез арада қазақ тіліндегі ас мәзірін басып шығаратын айтқан.

Айта кетейік, кеше 4 тамыз күні қоғам белсендісі Аружан Дүйсебаева "OASIS" мейрамхана қызметкерлері ана тілімізді жерге таптап, онысымен қоймай бізге дөрекілік танытқаны туралы Instagram парақшасына жариялаған болатын.

“Алматының қақ ортасында Ана тілімізді қорлады!

Бұл бассыздыққа көз жұма алмай полиция шақырдық. Арызымызды қабылдап алды, ары қарайҰлан Әбілхайырдың қызметкерлері айналысады екен”, деп наразылығын білдірген еді.

Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер