Дархан Қыдырәлі Зерендіде өткен жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған республикалық жастар академиясына қатысты

1333
Adyrna.kz Telegram
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Ақмола облысының Зеренді ауданында “Жастар Академиясы” аясында өтіп жатқан “Әділетті Қазақстан - адал азамат” диалогтық алаңына қатысты.
Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ден астам жастар қызметкерлері үш күн ішінде түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің парақшасында жазды.
Іс-шара аясында өткен “Әділетті Қазақстан - адал азамат” атты жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов, “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек те сөз сөйлеп, жастарға пайдалы ақпараттар берді.
“Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда жастарымыз туған жердің ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі мен бірегей болмысын жер жүзіне танытып жүргенін ерекше атап өткені белгілі. Сонымен қатар «Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті» деген еді”, - деп жазды министр.
Биыл «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң өз күшіне енді. Жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайды. Қазір олардың саны 6 млн-ға өсті. Заңды іске асыру үшін, 7 бағыт және 80 іс-шаралар кешеніне қолжеткізуді көздейтін 2029 жылға дейін арналған Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі “Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда жастар, әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін 30% квота енгізілді және барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерде жастар үшін 20% квота енгізу жоспарлануда. Бұның барлығы Мемлекет басшысының қамқорлығымен жастарға деген қамқорлығы деп түсінген абзал” деді.
Өкінішке орай, жастар арасындағы өлім мен суицид жиілеп тұр. Сол секілді жастардың заң бұзуы, нашақорлық, қаржы жөнінен сауаттың аз болуы, жұмыссыздық мәселесі бар. Бұл мәселелерді шешу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Жақын арада жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кәсіби стандарттар қабылданды. Бұл жұмысты жүйелеуге және ЖРО қызметкерлерін іріктеудің нақты өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазір жастарға арналған Бірыңғай интерактивті ақпараттық-цифрлық платформа құру жоспарланып отыр. Платформалар арқылы жастарды қолдаудың барлық мемлекеттік шаралары туралы білуге және белсенді қатысуға мүмкіндік бар. Платформада мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысудың нақты алгоритмдері жазылатын болады.
Министр соңғы жылдары елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Талантты жастарымыз әртүрлі салада жарқырап көрініп, жемісті еңбек етуде. Мемлекет басшысы да креативті индустрия саласына жіті көңіл бөлу керек екенін атап өткен еді. Сондықтан биыл Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығына алғаш рет «Креативті қызмет» номинациясы қосылып отырғанын атап өтті.
Диалогтық алаң соңында жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жастар орталықтарын кадрлық даярлаудан өткізу сынды ұсыныстар жасады.
(с) ҚР АҚДМ баспасөз қызметі
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер