Шахтадағы жарылыс. Қаза болғандардың отбасына қанша қаражат беріледі?

1589
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Шахтадағы апаттан қаза тапқандардың отбасына қанша қаражат берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Қайтыс болғандардың отбасына берілетін қаржы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

Министрдің айтуынша, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалатын болады.

Жәрдемақы республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан, өмірді сақтандыру компаниясынан төленбек.

Асыраушысынан айырылған отбасындағы балаларға 18 жасқа дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден бастап беріліп отыратынын айтты Светлана Жақыпова.

Ал балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. 

“Әзірше барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндеттеліп отыр. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс", – деді министр.

Апаттан қайтыс болғандардың саны 43-ке жетті. Тағы 3 кеншіні іздеу жұмыстары жүруде.

Пікірлер