Африкалық мұғалімдер алғаш рет Қазақстанда дәріс ала бастады

1000
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда алғаш рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы Африка континентіндегі шетелдік әріптестерді оқытуды бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл Орталықтың жаңа халықаралық жобасы, оның аясында қазақстандық зияткерлік технологияларды жаһандық білім беруге тарату жалғасуда.

Екі апта бойы Малавидің Лилонгве қаласындағы мұғалімдердің үлкен тобы Астанаға күн сайын онлайн қосылатын болады. Наликуле⠀(Nalikule College of Education)⠀педагогикалық колледжінің мұғалімдері өз зерттеу қызметтеріне Lesson Study және Action Research тәсілдерін енгізудің негізгі алгоритмдерін меңгереді. Малави өкілдері Астанада дәстүрлі Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығы конференциясының өтетінінен ерекше шабыттанғанын, оған барлығы қатысуды армандайтынын мойындады.

Африкалық әріптестерімен Нидерландының Зволлесінде WALS эстафетасын қабылдау кезінде таныстық, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова:

Сол кезде бірнеше елдің өкілдері Орталықтың халықаралық жобаларына қызығушылық танытып, оқыту туралы ұсыныс тастады. Орталық партасына бірінші болып елордалық Наликуле педагогикалық колледжінің өкілдері отырды.

Наликуле білім беру колледжі – ұлттық білім берудегі инновациялық орталықтардың бірі, жаратылыстану-математика пәндерін оқытуға ден қойған.Айта кету қажет, қыркүйек айында Астанада сабақты зерттеуге маманданған ең озық сарапшылар мен практиктер дәстүрлі WALS (Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығы) конференциясында бас қосады. Қазақстанға Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Финляндия, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Түркия, барлығы 50-ден астам елдің өкілдері ұшып келеді деп жоспарлануда. Педагогикалық шеберлік орталығы он жылдан астам отандық және әлемдік білім беруге «Lesson study» жаһандық трендін енгізумен табысты айналысып келеді. Оқыту орталығында осы жылдар ішінде Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Якутия-Саха елдерінен келген шетелдік әріптестер білім алды.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақпен бірлесіп Орталықтың тағы бір халықаралық жобасы – Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ уәлаяттардың педагогикалық саланың бөлімдеріне арналған «Болашақ педагогикасы: заманауи мектептердің шешімдері» атты тақырыптық семинар жоспарланған.

Пікірлер