Гаага соты бас бостандығынан айырған Стрелковты Ресей "экстремист" ретінде ұстады

2452
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде, 21 шілде, жұма күні Украинаға басқыншылық жасаушылардың бірі, мойындалмаған Донецк халық республикасының бұрынғы қорғаныс министрі,  блогер және әскери сараптамашы Игорь Стрелков ұсталды. Сот оны Ресей билігінің әрекетін сынағаны үшін "экстремист" деп айыптап,  қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторына жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мойындалмаған "Донецк халық республикасының"  қорғаныс министрі Игорь Стрелковты құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрықтады. Стрелковқа қарсы қылмыстық іс ашықтан-ашық экстремистік қызметті жүзеге асыруға ұмтылды деген желеу бойынша қозғалған.

Тергеушілер оны тергеу изоляторына жіберуді сұрады, ал өзі мырзақамаққа (үй қамағына) алуды ұсынды, деп хабарлады "Медиазона".

Соңғы уақыттарда Ресейдің басқыншылық саясатын қатты айыптап, ұрыс тәсілдері мен әскери саясатын сынап жүрген Стрелковтың өзі қазіргі жайдайы туралы былай дейді:

"Жақында маған екінші дәрежелі стенокардия диагнозы қойылды, ал оны айғақтайтын анықтама алуға уақытым болмады. Мен күнделікті дәрі-дәрмек ішетін адаммын.  Мен сот тағайындаған бұл процесті үй қамағында өткізгім келеді".

Шетелдік ақпарат арналары көптеген жылдар бойы ұлттық қорғаныс офицері болғанына қарамастан Стрелковтың ұсталғанын айтады.

Еске сала кетейік, Стрелковты Малайзияның Boeing MH-17 апаты бойынша Гаага соты өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. BBC арнасы Стрелковты соттау туралы бұйрықтың жоғарыдан түскенін айтады. Олардың жазуынша, тоғыз жыл Стрелков Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын сынап келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер