Отбасылық жанжалдан кейін. Шетелдік азамат терроризм туралы жалған ақпарат таратқан

1012
Adyrna.kz Telegram
nqz_airport
nqz_airport

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан шетелдік айыппұл арқалады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

2023 жылдың күзінде 36 жастағы шетелдік азамат Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ұсталған. Оған заңға қайшы қылығы үшін 2,5 млн теңге айыппұл салынды.

Ол отбасылық жанжалдан кейін жұбайының Санкт-Петербургке ұшып кеткенін қаламай, осындай қадамға баруға бел буған. Бұл туралы Бақытжан Малыбаев хабарлады.

– Қаңтар айының соңында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 750 АЕК, яғни 2 млн 587700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – деді департамент бастығы Бақытжан Малыбаев.

Пікірлер