Қарағандыдағы жарылыс. Шахтадан қырық бесінші адамның мәйіті табылды

1375
Adyrna.kz Telegram

Костенко атындағы шахтадан қырық бесінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қарағанды облысындағы аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Соңғы деректер бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Апаттың болжамды эпицентрін анықтау мақсатында тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Министрлік таратқан хабарламада:

"Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.
Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда",-делінген.

Қазір көзге көрінетін жану ошақтары жоқ әрі газ жағдайы қалыпты.

Сонымен қатар, министр аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Пікірлер